Компания туралы

«Ремстройтехника» АҚ – бұл темірбетон бұйымдарын өндіру (ТББ), күрделілігі әртүрлі металл құрылымдарын жасау, бетон араластыру цехы (БАЦ), аттестацияланған зертхана, дайын өнім қоймасы, т/ж тұйығынан құралатын көп бейінді кәсіпорын. Кәсіпорын сызбаны есептеуден бастап, өнімді жасау, сертификаттау және тапсырысшыға жеткізуге дейін толық қызмет кешенін орындайды. Бүгінде құрылыс компаниялары темірбетон бұйымдарының сапалық-пайдаланушылық сипаттамаларына жоғары талап қояды, біздің өнім бұл талаптарды толық көлемде қанағаттандырады. Кәсіпорынның табысты қызметі кәсіпорында адал әрі бар ынтасымен еңбек етіп жүрген жоғары білікті қызметкерлер құрамымен қамтамасыз етіледі. Біздің барлық өнімдеріміз сертификатталып, сапасы өндірістік зертхана мен техникалық бақылау бөлімінде қатал тексеруден өтеді. Біз өзара тиімді негізде бірлесе жұмыс істеу мақсатында, жаңа серіктестер іздеп, оларды ынтымақтастыққа шақырамыз.

Көбірек