«Ремстройтехника» АҚ – бұл темірбетон бұйымдарын өндіру (ТББ), күрделілігі әртүрлі металл құрылымдарын жасау, бетон араластыру цехы (БАЦ), аттестацияланған зертхана, дайын өнім қоймасы, т/ж тұйығынан құралатын көп бейінді кәсіпорын.

Кәсіпорын сызбаны есептеуден бастап, өнімді жасау, сертификаттау және тапсырысшыға жеткізуге дейін толық қызмет кешенін орындайды.

Бүгінде құрылыс компаниялары темірбетон бұйымдарының сапалық-пайдаланушылық сипаттамаларына жоғары талап қояды, біздің өнім бұл талаптарды толық көлемде қанағаттандырады. Кәсіпорынның табысты қызметі кәсіпорында адал әрі бар ынтасымен еңбек етіп жүрген жоғары білікті қызметкерлер құрамымен қамтамасыз етіледі. Біздің барлық өнімдеріміз сертификатталып, сапасы өндірістік зертхана мен техникалық бақылау бөлімінде қатал тексеруден өтеді. Біз өзара тиімді негізде бірлесе жұмыс істеу мақсатында, жаңа серіктестер іздеп, оларды ынтымақтастыққа шақырамыз.

Компания туралы:

«Ремстройтехника» АҚ Алматы қ. мен Қазақстан Республикасында жүріп жатқан құрылыстарға белсенді қатысады. Біздің сапамыздың үлгісі ретінде Үлкен Алматы каналы, Алматы қ. Республика алаңында орналасқан 16-қабаттық үйлер мен кеңселер кешені және осы сияқты т.б. ірі құрылыстарды атауға болады. Қазіргі кезде компания Алматы қ. Метрополитен құрылысына қатысты Мемлекеттік Тапсырыс бойынша «Алматыметроқұрылыс» АҚ-мен бірлесе жұмыс істеп келеді және Азия магистральды газ құбыры құрылысына да қатысады.

«Ремстройтехника» АҚ бұл:

• ИСО 9001, 14001, 18001 сәйкестік сертификаты
• Тұрақты сапа
• Шығарылатын өнім номенклатурасының кең аясы
• Аттестацияланған зертхана куәлігі №50/13 2013 ж. 16 қазанда берілген.
• Барлық өндірілетін бұйымдардың сәйкестік сертификаттары бар
• Қалаға жақын орналасу
• Тиеу және жеткізу мерзімдері жылдам
• Жекелеген тәсілдеме
• Қолайлы жеңілдіктер жүйесі
• Кәсіпқой әрі тілектес қызметкерлер құрамы
• Ыңғайлы кірме жолдар (т/ж тұйығы, автожолдар)

Теміржол тұйығының дамыған құрылымы көп контрагентке қатар қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. "Ремстройтехника" АҚ т/ж тұйығы арқылы маневрлік тепловоздармен тәулігіне 120-дан 160 жартылай вагонға дейін үлестіріледі.

Қысқаша тарихи анықтама:

70-жылдардың басында Алматы қаласының сыртында сол кезде қарқынды дамып келе жатқан мелиорация және су шаруашылығы салаларын өнеркәсіптік өніммен қамтамасыз етуге арналған зауыттар мен басқа да өндірістік кешендер қолданысқа енгізіліп жатты. 57 га аумақта төмендегідей объектілер салынды:

1. Темірбетон бұйымдары зауыты
2. Құрылыс және жол машиналарын жөндеу зауыты
3. Материалдық-техникалық жабдықтау базасы
4. Үлкен инженерлік инфрақұрылым (қуатты электрлік жабдықтау, жекеменшік сужиналғылар, кәріз жүйесі, байланыс, тармақталған жеке теміржол тұйығы және басқа да қосалқы объектілер).

1974 жылдың сәуір айында Боралдай құрылыс және жол машиналарын жөндеу зауыты (БҚжЖМ ЖЗ) негізінде году «Ремстройтехника» өндірістік бірлестігі (ӨБ) құрылды, оның құрамына Главриссовхоздың түрлі қалаларда орналасқан жөндеу-механикалық және машина жасау кәсіпорындары (13 дана) кірді. Зауыттарды мамандандыру, жетілдіру және жаңа жабдықпен және жаңа технологиялармен жабдықтау бойынша үлкен жұмыс атқарылды.

«Ремстройтехника» ӨБ атауының өзі сол кездері өзінің қызмет бейініне толық сәйкес келетін.

Барлық кәсіпорындардың (механикалық зауыттардың) қалыптасып нығаюына қарай, бірқатар зауыт дербес кәсіпорындарға айналып, «Ремстройтехника» ӨБ құрамынан шығып жатты.

Бұл кездері технологиялар тұрғысынан артта қалушылық салдарынан және темірбетон зауыттарын дамытудың жіті қажеттілігіне байланысты, «Ремстройтехника» ӨБ құрамына ТББ зауыттары қабылданып жатты. Осылайша, 1974 жылдың соңына қарай таратылған Боралдай ӨБ-нен темірбетон бұйымдары мен арынды құбырлар өндіретін ірі зауыт, Талдықорған ТББЗ, Панфилов ТББЗ, ағаш өңдеу зауыты, автобаза және бірқатар басқа да кәсіпорындар «Ремстройтехника» ӨБ құрамына өтті.

Аса қажеттілікке байланысты, «Ремстройтехника» ӨБ құрамында бөлек мамандандырылған жобалау-конструкторлық бөлімше (ЖКБ) құрылды.

Жаңа технологиялық кешендерді шығарып, меңгергені үшін, «Ремстройтехника» ӨБ қызметкерлерінен құралған авторлар ұжымы КСРО Министрлер Кеңесінің сыйлығымен екі қайтара (1979ж. және 1983 ж.) және көптеген басқа марапаттармен, көптеген жылдар бойына тұрақты негізде (КСРО ыдырағанға дейін) – КОКП ОК, КСРО Министрлер Кеңесінің және Кәсіподақтар ОК-нің ауыспалы туларымен марапатталған.

ТББ және АҚ зауыты сол кездері өзінің түпнұсқалық технологиясы бойынша өндірілген үлкен диаметрлі темірбетон арынды құбырларын (диаметрі 500мм-ден 2700мм дейін) өндіру бойынша қуаттылығы жағынан КСРО-дағы екінші зауыт болып саналды.

Сол кездегі КСРО-дағы, Қазақстандағы да мелиорациялық құрылыстың аса ірі ауқымдары жаңа технологиялық және ұйымдастырушылық шешімдерді талап етті.

«Ремстройтехника» ӨБ құрамында үлкен диаметрлі магистральдық су құбырларын құру және монтаждауға, өндірістік объектілер мен тұрғын үйлер салуға арналған үш жылжымалы механикаландырылған колонна (ЖМК) құрылды. Бұл ретте зауыттың өз күшімен 069С сериясы бойынша конструкциялары жасалып, 150 мың кв.м. тұрғын үйлер салынған, оның ішінде Боралдай к. «Водник» ықшам ауданы, Талғар қ. «Мелиоратор» ықшам ауданы, Алматы қ. тұрғын үйлер. Сонымен қатар, Алматы қ. конструкциялары жасалып, 9-қабатты тұрғын үй кешені салынды.

«Ремстройтехника» ӨБ 80-жылдардың соңына қарай жылына 200 млн. рубльден астам сомаға өнеркәсіптік өнім, 35 млн. рубльден астам сомаға жұмыстар (ҚМЖ), үлкен құрылыс трестінің бағдарламасы жүзеге асырылды.

«Ремстройтехника» ӨБ бас кәсіпорны бұған негіз болды.

90-жылдардың басына қарай кәсіпорынмен өндірілді:

  1. Өзек болат диаметрлі темірбетон арынды құбырлары: 500мм, 700мм, 1000мм, 1400мм, 2700мм.
  2. Мелиорацияға арналған темірбетон бұйымдары (параболит науашықтары, тік бұрышты каналдарға арналған бұйымдар, канал қаптайтын тақталар, құдықтар, су шығыстары және көптеген басқа бұйымдар).
  3. Өнеркәсіптік құрылысқа арналған бұйымдар.
  4. Тұрғын үй құрылысына арналған бұйымдар (069С сериялы тұрғын 5-қабатты ірі панельді үйлер, 9-қабатты үйлер)
  5. Жол құрылысына арналған жол тақталары және басқа бұйымдар.
  6. Жүк көтерімділігі 6.3тн: 12тн: 80тн құбыр төсеушілер:
  7. КСРО мен шетелге жеткізілетін жұқа қабырғалы құбырларды дәнекерлеуге арналған құбыр дәнекерлеу стандары.
  8. Әртүрлі құрылыс металл конструкциялары (оның ішінде аса күрделі, мәселен, Орал өзені арқылы өтетін ұзындығы 360м көпір).
  9. Алматы қ. әртүрлі зауыттары, энергетикалық объектілері, ірі құрылыстарына арналған әртүрлі технологиялық және стандартталмаған жабдықтар және т.б.
  10. Алуан түрлі қосалқы бөлшектер.
  11. Көптеген жекелеген бірегей бұйымдар мен құрылымдар (радиорелелік діңгектерден, электр тарату желілерінің күрделі металл болат тіреулерінен бастап театрлардың айналатын сахналарына дейін және т.б.)
  12. Темірбетон бұйымдарын өндіруге арналған әртүрлі металл пішіндер.

Халық шаруашылығының түрлі салаларына әртүрлі өнімдер жеткізілді (тек мелиорацияға ғана емес, сондай-ақ энергетиктерге, мұнайшылар мен газшыларға, кен өндіру саласына арналған және т.б.)

Бас кәсіпорынның техникалық әлеуеті осы күнге дейін сақталып келеді.

Қазіргі жағдайы

90-жылдары КСРО саяси құрылысының экономикалық тәртібінің өзгеруіне байланысты, «Ремстройтехника» ӨБ де бірқатар маңызды өзгерістерді басынан өткерді. 1993 жылы жекешелендіру кезеңінде «Ремстройтехника» ӨБ базасында «Ремстройтехника» Акционерлік қоғамы құрылды (бастапқыда 90% мемлекеттің қатысуымен, кейін – мемлекеттік пакет толығымен жекеменшікке өтті).

Бірқатар қайта ұйымдастырулардан кейін, қазіргі кезде «Ремстройтехника» ӨБ құрамында төмендегілер бар:

1. Темірбетон бұйымдары зауыты
2. Тәжірибелік – механикалық зауыт (бүгінде механикалық зауыт).
3. Теміржол тұйығы.
4. Жылу-сумен жабдықтау және кәріз бөлімшесі (ЖСК).
5. Автоучаске.
6. Қосалқы қызметтер.

«Ремстройтехника» АҚ аумағы 23га құрайды.

Өндірістік алаңның инженерлік инфрақұрылымы өте жақсы дамыған:

  • Сыртқы электрлік жабдықтау – ӘЖ-35 киловольт екі әуе желісі бойынша және ӘЖ-110киловольт екі әуе желісі бойынша, және жалпы қуаттылығы 45мегаватт екі аудандық қосалқы станция арқылы (бұл бүкіл Алматы электр желісінің 5%-ын құрайды) - бұл кез келген өндірісті дамыту үшін өте жақсы қор.
  • Сумен жабдықтау – үш терең сорғысы бар жекеменшік сужиналғы.
  • Жылумен жабдықтау- газбен жұмыс істейтін жекеменшік қазандық.
  • Байланыс - қалалық телефон және жергілікті телефон станциясы.
  • Жолдарының жалпы ұзындығы 11 км, көптеген түсіру және тиеу алаңдары және екі жекеменшік тепловозы бар тармақталған теміржол тұйығы.
  • Өндірістік алаңға дейін жеткізетін бірнеше автожол.
  • Және т.б.

Қысқаша объектілік сипаттама.

Темірбетон бұйымдары зауыты (ТБЗ) әрқайсысы 18м*144м 9 өндірістік аралықтары бар, бір аралық 18*198м, бетон араластыру цехы, 2000тн және 800тн екі цемент қоймасы, инертті материалдар қоймасы (құм мен шағыл сақтауға арналған), компрессорлық, арматура цехы, әр аралығы 18*300м дайын өнім қоймасының үш аралығы, қосалқы ғимараттар мен құрылыстар.

Темірбетон бұйымдары зауыты (ТБЗ) қазіргі кезде өндіреді:

- Тауарлық бетон.
- Алматы метрополитеніне арналған тюбингтердің бірнеше түрі, оның ішінде, ең заманауи дәлдігі жоғары еуропалық технологиялар бойынша жасалған
- Өнеркәсіптік және тұрғын үй құрылысына арналған бұйымдар
- Энергетикалық құрылысқа арналған бұйымдар
- Теміржол көпірлері мен автомобиль жолдары құрылысына арналған бұйымдар
- Коммуналдық құрылыс пен абаттандыруға арналған бұйымдар
- Гидротехника мен мелиорацияға арналған бұйымдар
- Газдандыруға арналған бұйымдар
- Бөлшектерден құралатын металл конструкциялар

ТБЗ зауыты алуан түрлі құрылыс материалдарын өндіру бойынша әртүрлі технологияларды орналастыруға арналған бос өндірістік алаңдарға ие (әмбебап өндірістік аралықтар, энергетика және басқа да инженерлік желілер алуан-түрлі технологиялық желілерді орналастыруға мүмкіндік береді). Атқарымдар мен дайын бизнес – жобалары да бар.

Тәжірибелік – эксперименталды механикалық зауыттың әрқайсысының көлемі 18*144 метр, алуан-түрлі әмбебап металл өңдеуші жабдығы бар 4 өндірістік аралық, дайын өнім қоймасының бір аралығы 30*250м, бір өндірістік аралық ашық ауада және материал қоймалары мен басқа да объектілер.

Зауыт әртүрлі металл конструкцияларын, ЖЖМ арналған түрлі сыйымдылықтарды (5000 куб.м дейін), энергетикалық, кен өндіруші, газ және басқа салаларға арналған бұйымдарды шығарады, төмендегідей әртүрлі тапсырыстарды орындай алады:

  • Тапсырысшының сызбалары бойынша немесе өзінің макеттері мен МБК (металл бөлшектелген конструкциялар) бойынша стандартсыз жабдықтарды жасау.
  • Жоғары вольтты тіреулерге арналған Траверстерді дайындау.
  • Көпірлер мен көпір конструкцияларын дайындау
  • Арқалық, беларқа, бағаналар шығарамыз.

Теміржол тұйығы (№148) өзінің екі тепловозымен «Ремстройтехника» АҚ-ның өз бөлімшелеріне де, көптеген контрагенттеріне де (шамамен 50 шақты) қызмет көрсетеді. АҚ-ның жанында орналасқан т/ж тұйығының жолдары өте жақсы тармақталған, олар Алматы-I т/ж станциясынан басталып, түрлі кәсіпорындарға дейін жетеді. Тұйықтың өзінің жеке локомотивтік депосы бар.

№148 тұйық арқылы транзитпен жүктер №160 тұйығына және басқа да т/ж тұйықтарына өтеді. «Ремстройтехника» АҚ тұйығы нақты айтқанда – іс жүзінде жақсы табыс әкелетін транзиттік теміржол станциясы.

ЖСК – жылу-сумен және кәріз жүйесімен жабдықтау бөлімшесі, қазандық газбен жұмыс істейді, резервтік отын - дизель.

Жер асты сужиналғылары – олардың саны бірнешеу, суының сапасы өте жақсы ауызсумен бірдей және су сақтауға арналған сыйымдылықтары бар (3000 куб.м дейін).

Автоучаске АҚ қызметкерлерінің жұмысқа және жұмыстан жекеменшік автобуспен жеткізілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ кәсіпорын қажеттіліктері мақсатында жүк автомобильдерімен және сантехникамен қызмет көрсетеді, өзінің жеңіл автомобильдері де бар. Жабық бокстары, жөндеу аймағы, түрлі өндірістік, тұрмыстық және қоймалық жайлар қарастырылған.

Қосалқы қызметтер – құрылыс учаскесі, ағаш цехы, жоғары вольтты қызмет және басқа қызметтер: өз жайлары, жабдығы және т.б. бар.

Әкімшілік-тұрмыстық корпустың жалпы ауданы 6500кв.м (3 қабат), онда кеңселік кабинеттер, тұрмыстық бөлмелер, асхана, буфет, медициналық пункт және басқа бөлмежайлар орналасқан.

Көлік инфрақұрылымы – жақсы дамыған (Алматы қ. және Алматы облысының, Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің басқа бағыттағы елді мекендеріне апаратын автомобиль жолдары бар), сондай-ақ қолданыста жекеменшік теміржол тұйығы да бар.

«Ремстройтехника» АҚ болашақта дамуы үшін неғұрлым тартымды технологиялар қатарында ең алдымен, қалыптасқан сұраныстың ескерілуімен, АҚ жобалық бейініне сәйкес өндірістерді атауға болады, нақтылап айтқанда:

- орта класқа арналған үнемді конструкциялар (үнемді үйлер, зауытта толығымен дайындалатын жеңіл жылдам көтерілетін үйлер)
- қорамақалыпсыз пішімдеу әдісімен тиімді панельдер мен жабу тақталары.
- автоматты кешендерде кәріз желілеріне арналған арынсыз құбырлар өндірісі.
- энергетикалық салаға арналған бұйымдар: ЭТЖ электр тарату ауа желілерінің т/б және металл тіреулері, шағын ГЭС-ға арналған бұйымдар (шағын ГЭС әмбебап ғимараттары мен арынды су құбырлары өндірісін толығымен қамтамасыз етуге болады, бұл үшін Алматы ГЭС сарқырамасында жинақталған жұмыс тәжірибесі де бар: бұл энергетиканы дамытудағы өте перспективті бағыт болып табылады, және бұл жерде өз орныңды нақты ойып белгілеуге әбден болады).
- жөндеу-құрылыс жол техникасын және құрылысты шағын механикаландыруға арналған жабдықты өндіру (көтергіш құрылғылар, крандар, аспалы сүйеуіштер, араластырғыштар, құрылыс ағаштары және т.б.)
- кен өндіру, мұнай, газ, энергетикалық салаға арналған жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді және т/ж көлігін шығару, бұған қоса мелиорация мен ирригацияға арналған өндірісті сақтап қалу.

Сонымен қатар, қолда бар қоймалық алаңдардың мүмкіндіктерін түрлі салалардың логистикалық орталықтарын дамытуға және т/ж тұйығының қызметін кеңейту мақсатында пайдалануға болады, негізі бұл өте кірісті іс болып табылады.


«Ремстройтехника» АҚ алаңдарында экономикалық тұрғыдан өте тиімді көптеген қызықты жобалар іске асырылған.